Бахтиер Зайнут­динов мәскеулік ЦСКА-ға ауысты

0 70

Ресейдің «Ростов» клубында өнер көр­сететін жамбылдық Бахтиер Зайнут­динов енді ЦСКА командасының намысын қорғайды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты сатып алу үшін ЦСКА мен «Ростов» келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара келісімге келді. Зайнутдинов ЦСКА-мен 2024/2025 маусымға дейін келісімшарт жасасты.
Зайнутдинов «Ростовта» барлық турнирде 35 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушының «Ростовпен» келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған еді, ал оның трансферлік құны екі миллион еуроға бағаланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.