Спорт

"Барселона" азшылықта ойнаса да "Қайраттың" бұрынғы футболшысының клубын ойсырата жеңді

"Барселона" азшылықта ойнаса да "Қайраттың" бұрынғы футболшысының клубын ойсырата жеңді

ездесу Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өтті.

Испаниялық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында венгриялық "Ференцварош" командасын ұтты. G квартетінің кездесуі "Камп Ноу" стадионында өтіп, 5:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Лионель Месси (27-ші минут, пенальти), Ансу Фати (42), Филиппе Коутиньо (52), Педри (82) және Усман Дембеле (89-шы минутта) гол салды. Жеңілген командадан Игорь Харатин 70-ші минутта пенальтиден бір гол соқты. Каталондық клуб Жерар Пике алаңнан қуылғаннан кейін 68-ші минуттан бастап азшылықта ойнағанын айта кетейік. "Ференцварош" сапында "Кайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза ойнады. 32 жастағы бразилиялық алматылық клубта бес маусым ойнаған (2014-2018) және команда тарихындағы ең мықты легионерлердің бірі саналады 155 матчте 38 гол. Чемпиондар лигасының келесі ойындары 28 қазанда. Бұл күні "Ювентус" - "Барселона" және "Ференцварош" - "Динамо" (Киев) кездеседі. vesti.kz