«Барыс» «Витязьді» ұтты

27

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынында Нұр-Сұлтанның «Барысы» овертаймда Мәскеу облысының өкілі «Витязь» клубынан басым түсті.

Подольскіде өткен бәсекеде таразы басы ұзақ уақыт бойы теңселіп тұрды. 6-минутта Александр Семин айдын иелерін алға шығарса, көп ұзамай Линус Виделль есепті теңестірді. 13-й минутта бір ойыншының артықтығын «Витязь» ұтымды пайдаланды. Бұл голдың авторы – Джастин Дэнфорт. Екінші кезең басталған бетте Валерий Орехов пен Никита Михайлис қатарынан екі шайбаны қақпаға тоғытты. Жергілікті хоккейшілер де қарап қалған жоқ. Әуелде Дэнфорт, үзілістен кейін Захар Бардаков нысынаны дәл көздеді. Ал кездесудің аяқталуына бір жарым минуттай қалғанда Михайлис тағы бір мәрте иергендік танытып, ойынды овертаймға ұлыстырды. Қосымша уақытта Джесси Блэкер жеңіс голын соқты. Есеп – 4:5.

Қатарынан төртінші кездесуінде жеңіске жеткен «Барыс» 47 ойыннан кейін 57 ұпай жиып отыр. Тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде жерлестеріміз 11 орынды иеленуде.

egemen.kz