Журналист Айдин Қожахмет өзінің Telegram-каналында футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан 2 жылға ойындардан шеттетілгенін жазды.
Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілді.
Еске сала кетейік, ол 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында «Әл-Садд» командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған еді.