Спорт

Биыл «ASSYLTAS стипендиясы» Абибаға бұйырды

Бұл стипендияны бұған дейін Елдос Сметов алған

Биыл ASSYLTAS стипендиясы Абибаға бұйырады. Бұл туралы қоғамдық қордың құрылтайшысы Дулат Тастекей мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ASSYLTAS стипендиясы бұған дейін 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлде алған Елдос Сметовке берілген еді.

«ASSYLTAS» қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекей бұл жолы стипендия Абиба Абужақыноваға берілсе деген ұсыныс тастап, оқырмандарға сауал қойды. Желідегілердің ойы бір жерден шығып, бәрі дерлік қолдап жатыр. 

Айта кетейік, Абиба Абужақынова Париж Олимпиадасында жартылай финалға шығып, жұбаныш белдесуінде жеңілген еді. Қазақ қызының қайсарлық танытқаны үшін Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров арнайы сыйақы беретінін әлеуметтік желіде жазған.