Спорт

«Біз үшін жәй ғана спортшы емес». Қоғам белсендісі Абибаны сынағандарға пікір білдірді

Күні кеше спортшыны ел жұрт күтіп алып, көлік берілді

Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов Абиба Абужақынованы сынап, «көлікті бекер берді» деп жазғандарға пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кеше әуежайдан Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде күрескен Абиба Абужақынованы жерлестер күтіп алды. Оған «Respublica» партиясы теміртұлпар сыйлады. Алайда әлеуметтік желіде спортшыны сынап, «5 орын алғаны үшін берді ме» деген сарындағы пікірлер жазылып жатыр. Осы орайда қоғам белсендісі Бурахан Дақанов желі қолданушыларына өз пікірін білдірді.