Қамшыбек Қоңқабаев бокстағы мансабын аяқтады
Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері
Қамшыбек Қоңқабаев бокстағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қараша күні Қызылорда облысында дүниеге келген.
Боксшы кәсіпқой және әуесқой бокста қатар өнер көрсетті.
Ол бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Еске салайық, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021), Дүниежүзілік әскери ойындарының күміс жүлдегері (2015), әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2014), Болгарияда халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015), ҚР спартакиадасының чемпионы (2015), әуесқойларда ұлттық біріншіліктің чемпионы және жүлдегері.