жұма, 29 наурыз, 2024 2:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Чемпиондар лигасы басталды

Чемпиондар лигасы басталды
ашық дереккөзі
Чемпиондар лигасы басталды
Ала доп жанкүйері асыға күткен футболдан Еурокубок бәсекелерінің күзгі маусымы басталды. Чемпиондар лигасында өнер көрсететін командалар бастап берген топтық кезеңнің бірінші тур ойындары аса тартысты өтті.
Турнирді тең ойындар шеруі ашып берді. Нақтылап айтар болсақ, Е тобындағы екі кездесуде де жеңімпаз команда анықталмады. «Чел­си» мен «Севилья» ойыншылары бір-бірінің қақпасына гол соға алмаса, топ­тық кезеңге тұңғыш рет қатысып жатқан «Крас­нодар» сырт алаңда «Реннмен» тең түсті (1:1). F тобында «Лацио» Римде «Боруссия» Дорт­мундты (3:1) сенімді түрде жеңді. Ал «Зенит» соңғы минутта қақпасына гол өткізіп алып, «Брюггеден» жеңіліп қалды. G тобында өнер көрсететін «Барселона» «Ференцвароштың» (5:1) тас-талқанын шығарды. Каталониялықтардан Месси, Фати, Коутиньо, Дембеле және Педри мер­ген­дігімен көзге түсті. «Ювентус» Киевте Моратаның дублі арқасында 3 ұпай олжалады. Н тобында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда ПСЖ клубымен өткен ойында 2:1 есебімен жеңісті жұлып алса, топтағы екінші ойында «Лейпциг» «Ыстанбұл» (2:0) командасынан басым түсті. egemen.kz
© egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар