бейсенбі, 25 сәуір, 2024 16:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Джокович Федерерден оза ала ма?

Джокович Федерерден оза ала ма?
ашық дереккөзі
Джокович Федерерден оза ала ма?

Теннисшілердің әлемдік рейтингі алғаш рет 1973 жылы жарияланды. Сол кезден бері жанкүйерлер АТР мен WTA тізіміне үнемі кз жүгіртуді әдетке айналдырды. Себебі осы жерде жарияланған мағлұмат арқылы әр жылдары кімнің қалай өнер крсеткенін аңғаруға болады. Үздіктер рейтингі әр апта сайын жаңарып тұрғанымен, көш басындағы ойыншылар сирек өзгереді. Осы сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі мәліметтерге жүгінейік.

Ең алғашқы болып әлемнің бірінші ракеткасы атану құр­метіне бөленген ойыншы Илие Настасе. Бұл атаққа ол 1973 жы­­­лы қол жеткізді. 27 жас­та­ғы Румынияның өкілі сол мау­сым­да Ролан Гарроста бас жүл­дені олжалаған еді. Оның алдында АҚШ-тың ашық біріншілігінде алдына жан салмай, Уимблдонның финалында ойнады. Барлығы 88 турнирде топ жарды. Настасенің жұлдызды сәті тура 40 аптаға созылды. Содан кейін румыниялық теннисші өз тұғырын Джон Ньюкомбке босатты. Алайда Аустралияның өрені мәртебелі атақты ұзақ сақтап тұра алмады. Сегіз аптадан кейін Ньюкомб тұғырынан тайды.

Жетпісінші жылдардың екін­ші жартысында америкалық Джим­ми Коннорс пен шве­циялық Бьорн Боргтің даңқы дүркіреді. АҚШ-тың Иллинойс шта­тының тумасы 268 апта бойы алдына жан салмады. Бір ғажабы, ширек ғасыр бойы түрлі турнирлерде күш сынасқан Коннорс 45 жасқа қараған ша­ғында ғана үлкен спорттан қол үзді. Сол аралықта ол АҚШ-тың ашық біріншілігінде – бес, Ро­лан Гарроста – төрт және Уим­блдонда екі рет теңдессіз деп та­нылды. Джимми барлығы 120 жарыста жеңімпаз атанды. Бұл рекордты әлі ешкім жаңарта ал­ған жоқ. Скандинавиялық саң­­лақ 109 апта үздіктер көшін ба­с­­тады. Борг АҚШ-тың ашық бірін­­­шілігі мен Ролан Гарросты төрт реттен ұтты. Екі мәрте Уим­­­блдонда қарсылас шақ кел­тір­меді.

1

Сексенінші жылдары әлемнің бірінші ракеткасы атану бақыты үш теннисшіге ғана бұйырды. Олар – америкалық Джон Макин­рой, чехословакиялық Иван Лендл және швециялық Матс Ви­ландер. Макинрой – 170, Лендл 270 апта бойы өз тұғырларын босат­қан жоқ. Көптеген дүбірлі дода­ларда дараланған айтулы ойыншылардың есімдері әлем­дік спорт тарихында алтын әріптер­мен жазулы. Ал Виландер 20 апта ғана мықтылар тізімінің алдыңғы легінде тұрақтай алды.

Тоқсаныншы жылдары тұрақ­тылық болмады. Көшбасшы­лар бірінен кейін бірі ауысты. Олар – швециялық Стефан Эдберг (72 апта), германиялық Борис Беккер (12 апта), америкалықтар Джим Курье (58 апта), Пит Сампрас (286 апта), Андре Агасси (101 апта), аустриялық Томас Мустер (6 апта), чилилік Марсело Риос (2 апта), испаниялық Карлос Мойя (2 апта), ресейлік Евгений Кафельников (6 апта) және аустралиялық Патрик Рафтер (1 апта).

Ғасырлар тоғысында Марат Сафиннің жұлдызы жарқырай жанды. 1980 жылы Мәскеуде туған татар жігіті 20 жас­тан асқан шағында АҚШ-тың ашық біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бірақ бұл тұ­ғырда ол ұзақ тұрақтаған жоқ. Небәрі тоғыз апта ғана ал­дың­ғы лектен көрінді. Соған қа­ра­­мастан, оның есімі осындай дең­гейге көтерілген тұңғыш мұ­сылман ретінде тарихта қалды. 2009 жылы Мараттың туған қарындасы Динара Сафина да WTA рейтингінде көш бастады. 2000 жылдардың алғашқы жартысында бразилиялық Густаво Куэртен (43 апта), аустралиялық Ллейтон Хьюитт (80 апта), испаниялық Хуан Карлос Ферреро (8 апта) және америкалық Энди Роддик (13 апта) алма-кезек бірінші сатыға көтерілді.

Соңғы 17 жыл көлемінде дү­ние­жүзілік рейтингте көш бастау бақыты төрт теннисшіге ғана бұйырды. Солардың арасында ең аз мерзім көш бастаған Энди Маррей. 2016 жылы әлемнің бірінші ракеткасы атанған ұлы­британиялық ойыншы 41 апта алдына жан салмады. Ал өзге теннисшілердің көрсеткіші тіп­тен керемет. Мәселен, Роджер Федерер 310 апта бойы теңдессіз деп танылды. Бұл – рекордтық көр­сеткіш! Швейцарияның мақ­танышы «Үлкен дулыға» са­натындағы жарыстарда 20 мәрте топ жарды. Уимблдон додасында сегіз рет дара шықты. Бұл да рекордтық нәтижелер! Аса ірі халықаралық турнирлерде Фе­дерер 103 рет бас жүлдені олжалады.

Испаниялық Рафаэль Надаль 209 апта шашасына шаң жұ­тырмады. Пиреней түбегінің түлегі Роллан Гарросты 13 мәрте ұтты. «Мастерс» турнирлерінде 35 рет жеңіске жетті. Осы көр­сеткіштер жағынан жер бе­тін­дегі ешбір теннисші Надаль­мен теңесе алмайды. Бүгінгі таң­да АТР рейтингінде бірінші орынды иеленіп отырған Новак Джокович 306 апта бойы ешкім­ге есе жібермей келеді. Яғни ол рекорд­тық көрсеткішті жа­ңар­ту­­ға шақ қалды. Егер 33 жас­­тағы Сербияның саңлағы осы бағы­тынан жаңылмаса, жасы 40-қа таяп қалған Роджер Федерерді алдағы наурыз айында басып озуы әбден мүмкін. Тағы бір айта кетерлік жайт, Федерер, Надаль және Джокович  – «Үлкен дулыға» турнирлерінің бар­лығында топ жарған жер-жа­һан­дағы санаулы ғана теннис­шілер.

Байыптап қарасаңыздар, жарты ғасырға жуық уақыт ара­лы­ғында небәрі 25 тен­нисшіге ғана әлемнің бірінші ракеткасы атану бақыты бұ­йырған екен. Осы орайда, АҚШ-тың көші өзгелерден ілгері екенін айта кеткен абзал. Әр жылдары америкалық алты өрен АТР рей­тингінде алдарына жан салмады. Соңғы рет олар осыдан 18 жыл бұрын сондай құр­метке бөленді. Швеция, Аус­тра­лия және Испанияның сайып­қы­рандары үш реттен теңдессіз деп танылды.

Қазақстан құрама команда­сының мүшелері жайында айтар болсақ, ең үздік нәтиже Андрей Голубевке тиесілі. Ол 2010 жылдың қазан айында АТР тізімінде 33-сатыға дейін көтерілді. Бірақ жерлесіміз «Үлкен дулыға» додаларында екінші айналымнан әрі аса алған жоқ. Оған қарағанда Михаил Кукушк­иннің аяқалысы тәуір болды. Ол 2012 жылы Аустралияның ашық біріншілігі мен 2019 жы­лы Уимблдонның төртінші кезеңінде өнер көр­сетті. Десек те әлемдік рейтингте Кукушкин 39-орынды еншілеумен шектелді. Бұл нә­тижеге отандасымыз 2019 жыл­дың ақпан айында қол жет­кізген еді.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар