Екінші айналымға шықты

0 55

Қазақстандық Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің екінші айналымына шықты.

Әлемнің 30-шы ракеткасы Ю.Путин­цева бастапқы кездесуін рейтингте 49-орын­да тұрған швециялық Ребекка Пе­­­тер­­сонмен өткізіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіс­ке жетті. Тартысты өткен бәсеке

1 сағат 42 минутқа созылды. Ю.Путинцева екін­ші айналымда әлемнің 16-ншы, осы доданың 8-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен кездеседі.

Бір қызығы, Қазақстанның бірінші ракет­касы Елена Рыбакина мен Ю.Путин­цева егер де қарсыластарын жеңсе, өзара кездеседі.

Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 47-сатыдағы чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.