Елдос Сметов Париждегі Grand slam турниріне қатысады
Дүбірлі додаға қатысатын қазақстандық дзюдошылардың тізімі жарияланды
Қазақстандық дзюдошылар Париждегі Grand slam турниріне қатысады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Дзюдодан жаңа маусымдағы екінші ресми жарыс – Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды.
Олар: 60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов
73 келі: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 келі: Айдар Арапрв, Ермахан Әнуарбеков
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.
Жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Францияда 1-2 ақпан аралығында өтеді.
Аталған турнир ерекше маңызды болмақ, себебі дзюдошылар былтыр желтоқсан айының ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша бақ сынайды.