Елена Рыбакина мансабында екінші рет Штутгарттағы турнирде топ жарды
Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Финалда әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Муховадан басым түсті.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған.