Елена Рыбакина Вашингтондағы WTA 500 турнирінің ширек финалында!
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық теннисші, елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан Mubadala Citi DC Open (WTA 500) турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың екінші айналымында Рыбакина Канада өкілі Виктория Мбокоға қарсы кортқа шығып, сенімді ойын көрсетті. Тартысты өткен матчта қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Екі сетте де Елена өзіне тән мықты подачаларымен және тұрақты ойын мәнерімен көзге түсті.