Спорт

Елена Рыбакина WTA финалын жеңіспен бастады

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан беделді WTA Finals турниріндегі алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алғашқы ойында Рыбакина америкалық Аманда Анисимовамен (әлемдік рейтингте №4) кездесіп, екі сетте айқын басымдықпен жеңіске жетті — 6:3, 6:1.

Кездесуде қазақстандық теннисші өз сервисін сенімді қорғап, бірнеше брейк-пойнттарды сәтті пайдаланды. Елена матч барысында жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік қалдырмады.

Бұл жеңіс Рыбакинаға топтық кезеңдегі маңызды ұпай сыйлады және келесі кезеңге шығуға үлкен мүмкіндік берді.

Келесі матчта Елена әлемнің 2-ракеткасы, Польшаның үздік ойыншысы Ига Швентекпен кездеседі.