Ең маңызды жекпе-жектер

21

Кәсіпқой бокстан 2021 жылы өтеді деп жоспарланған қай бәсекелер жан­күйерлер тарапынан ерекше қызы­ғу­шылыққа ие? Осы сауалға бай­ланысты Badlefthook.com порталы сараптама жүргізді.

Көпшілік тағатсыздана күткен жекпе-жектер арасында қазақстандық Ген­надий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің трилогиясы бар. Бұған дейін олар екі мәрте күш сынасып, алғашқы кездесу тең аяқталса, екіншісінде «Канело» ұпай санымен басым түскен еді. Бірден айта кетейік, орта салмақта қарсылас шақ келтірмей жүрген қос саңлақтың айқасы әлемнің әр қиырындағы миллиондаған жанкүйердің айрықша қызығу­шылығын тудырды. Жарнамалар мен түрлі арналар­дағы трансляциялардан түскен табыс мол болды. Соның арқасында жарысты ұйымдастырушылар, боксшылар және де осы шараға қатысы бар адамдардың барлығы да байлыққа белшесінен батты. Міне, енді олар GGG мен «Канелоның» қайта жұдырықтасқанын қалайды.

Сонымен қатар көрермендер ерекше қызығушылық танытып отырғандар қатарында мына жекпе-жектер бар: Тайсон Фьюри – Энтони Джошуа, Эррол Спенс – Теренс Кроуфорд, Теофимо Лопес – Дэвин Хэйни, Джош Тейлор – Хосе Карлос Рамирес, Хуангон Франциско Эстрада – Роман Гонсалес, Наоя Иноуэ – Муроджон Ахмадалиев, Артур Бетербиев – Дмитрий Бивол, Кенширо Терайи – Хирото Киогучи және Майрис Бриедис – Илунга Макабу.

egemen.kz