Еуропадан Саудияға ауысты

0 94

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Сауд Арабиясының «Әл-Файсали» футбол клубына ауысты.

 

28 жастағы жартылай қорғаушы меди­­циналық тексеруден сәтті өтіп, екі жыл­дық келісімшартқа қол қойды.

Меркель карьерасын Ресейде жал­ғас­тыруы әбден мүмкін еді. Футболшы  Ресей чемпионатында екінші орында келе жатқан «Сочиге» ауысуға жақын тұрған. Алайда қаржылық шарттарына байланыс­ты келісімшарт жасалмады.

Кеше Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа клубтағы әсерімен бөлісті.

«Мен «Аль-Файсалиге» келгеніме қуа­ныштымын. Жаңа ел, жаңа сынақ. Жы­лы ықыласпен қабылдағаныңыз үшін рах­мет! Жаңа ұжыммен кездесуге, футбол алаңына шығуға асыға күтіп отырмын», – деп жазды Меркель Twitter парақ­шасында.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.