Спорт

Евгений Кошкин «Күміс шар» турнирінің чемпионы атанды

2025 жылы Евгений Кошкин осы турнирге қатысып, айтулы турнирді жеңген тұңғыш қазақстандық спортшы атанған еді.

Қазақстандық конькиші Нидерландының Леуварден қаласында өткен беделді көрме турнирінде екінші мәрте қатарынан «Күміс шар» жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

100 метр қашықтықтағы финалдық жарыста отандасымыз нидерландтық Стефан Вестенброек пен Матс Ван Ден Бостан озды.

Евгений Кошкин - 00:09.56 секунд

Стефан Вестенброек - 00:09.69

Матс Ван Ден Бос - 00:09.82

Бәсекеге Олимпиада чемпионы Джордан Штольц (АҚШ) пен биылғы әлем чемпионы Еннинг Де Бо (Нидерланд) да қатысты.

2025 жылы Евгений Кошкин осы турнирге қатысып, айтулы турнирді жеңген тұңғыш қазақстандық спортшы атанған еді.

Айта кетейік, отандасымыз өткен айда Милан-2026 Олимпиадасында 500 метр қашықтықта жүлдеге таласып, 9-орынға тұрақтаған.