Футболдан Ұлттар лига бәсекелері басталды. Бейсенбіден жұмаға қараған түні біздер сан миллион жанкүйер бірнеше маңызды матчтардың куәсі болды.
Көпшілік назарын өзіне аударған кездесу Штутгарта «А» тобындағы Германия мен Испания құрамалары арасында өтті. Алғашқы кезеңде есеп ашылмады. 51-минутта Тимо Вернер нысана дәл көздеп, алаң иелерін алға шығарса, испаниялықтар тек 90+5 минутта ғана таразы басын теңестірді. Есеп – 1:1.
«А» тобындағы келесі матчта Украиана Швейцария құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта есепті 14-минутта Андрей Ярмоленко ашты. 41-минутта Харис Сеферович таразы басын теңестірді. 68-минутта Александр Зинченко жеңіс голын соқты.