«GGG бұрынғыдай емес». Бұрынғы әлем чемпионы Головкин — Чарло жекпе-жегі жайлы

41

«GGG бұрынғыдай емес». Бұрынғы әлем чемпионы Головкин — Чарло жекпе-жегі жайлы

Ол америкалықтың Сауль мен Андрадеге арсы мүмкіндіктерін де айтты.

Бұрынғы әлем чемпионы және телекомментатор Шон Портер орта салмақта WBC титулына ие америкалық Джермалл Чарлоның (31-0, 22 КО) отандасы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО), мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 KO) және қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы мүмкіндіктерін бағамдап көрді.

«Деметриустың қолы ұзын, көп қозғалады әрі мықты. Солақай. Меніңше, ол осы категориядағы ең ақылды боксшылардың бірі. Чарлоға онымен жұдырықтасу оңай болмайды. Андраде оны жеңіп те кетеді. Менің байқағаным ағайында Чарлоларда мұндай епті және белсенді қарсыластармен қиындық бар: олар бір қадам артта сияқты көрінеді.

«Канело»? «Канеломен» бәріне қиын. Джермаллға оңай болмайтыны анық. Бірақ Сауль 76,2 келіден төмен түсе қоймас.

«Ал GGG бұрынғы қалпында емес. Джермалл оны жеңеді. Ертеректеу болса Головкин басым болады дер едім. Түсінесіз бе, Чарлода ешқандай ауыр айқас болған жоқ, ол әлі тың, GGG-ге қарағанда. Қалай дегенмен бұл өте мықты жекпе-жек болатын еді», — «, — деп береді Портердің сөзін vRINGe.com.

Чарло кейінгі кездесуінде украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңіп, WBC белбеуін қорғап қалды.