Головкин-Шеремета жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

0 77

DAZN стриминг сервисі 18 желтоқсанда Холливудтегі (Флорида штаты, АҚШ) Головкин — Шеремета кездесуі қашан басталатынын айтты.

Спорт порталының мәліметінше, жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған, ал басты кездесу сағат шамамен 20.00-де басталады.

Осылайша, кездесу 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04.00-де, ал Головкин-Шеремета кездесуі сағат шамамен 07.00-де басталады. Алайда кестеде өзгерістер болуы мүмкін.

Кездесуде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 21-рет титулын қорғайды.

Сонымен қатар, бұл бокс кешінде қазақстандық спортшы Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Ол екінші орта салмақта эквадорлық Карлос Гонгораға қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте IBO әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Головкин мен Шеремета жекпе-жек Холливуд қаласындағы (Флорида, АҚШ) Hard Rock Holly қонақ үйінде өтеді. Шоуды DAZN стриминг сервисі көрсетеді.

Vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.