ХОК 2024 жылғы Париж олимпиадасындағы жүлделер санын қысқартты

36

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпида ойындарындағы медальдар санын азайтады. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді.

«ХОК атқарушы комитеті Олимпиада бағдарламасына енуге ұсыныс білдірген 41 оқиғаның біреуін де қабылдаған жоқ. Керісінше, жүлделер саны 339-дан 329-ға қысқарды.

Сондай-ақ, ХОК Олимпиадаға қатысушылар санын 10 500-ге дейін азайтады. Бұл Токио Олимпиадасынан қатысушылардан 600 адамға аз болмақ. Париждегі ойында ерлер мен әйелдер саны теңеседі деген болжамымыз бар. 2024 жылғы Олимпиадада гендерлік теңдіктің толық сақталуына қол жеткізгіміз келеді», — деді Бах.

 

egemen.kz