Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайды айқын басымдықпен жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайды 2-1 есебімен ұтты
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайды айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден кезекті жарыс жолына шыққан еліміздің әйелдер командасы Қытайды 2-1 есебімен ұтты. Ал екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік көрсетіп, команданы алға сүйреді.
Ақтық сында қарсылас таразы басын теңестіріп алға шықты. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын соқты. Ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының финалына шыққан еді. Олар жартылай финалда жарыс қожайыны – Қытайды жеңді.
Финалдық бәсеке 14 ақпанда Қазақстан уақытымен 11:00-де басталады.