Игита үміткерлер қатарында

21

Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының қақпашысы Игита 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік голкипері атануы мүмкін.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында туып-өскен айтулы футзалшы 2011 жылдан бері «Қайратта» өнер көрсетуде. 2013 жылы Қазақстанның азаматтығын алып, ұлттық командамыздың жейдесін киді. Сол кезден бері өзіне ғана тән керемет ойын мәнері және теңдессіз өнерімен көзге түсіп, сан миллион жанкүйердің жүрегін жаулады. Бүгінгі таңда Алматының «Қайрат» клубының биік белестерді бағындырып, төрткүл дүниеге танылуына Игитаның еңбегі орасан зор екені еш дау туғызбаса керек. 2015, 2016, 2018 және 2019 жылдары ол әлемнің ең үздік қақпашысына тиесілі арнайы сыйлықты иеленді. Міне, енді бесінші рет теңдессіз деп танылуына тамаша мүмкіндік туындап отыр.

Игитадан бөлек, жоғарыда аталған атақтан үміткерлер қатарында   Карека (Бразилия), Дидак Ольтра (Испания), Еду (Португалия), Гуитта, (Бразилия), Хесус Эрреро (Испания), Диего Ронкальо (Бразилия), Әлиреза Самими (Иран), Альберт Цайдер (Ресей) және Виллиан (Бразилия) сынды қақпашылар бар.

egemen.kz