Спорт

"Канелоны" нокаутқа түсірмеу үшін Головкинге ақша төленген? Шетелдік сарапшының жауабы

"Канелоны" нокаутқа түсірмеу үшін Головкинге ақша төленген? Шетелдік сарапшының жауабы

FightSpace жобасының негізін қалаушы, ресейлік спорт сарапшысы Григорий Стангрит қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында келісілген жекпе-жек болды деген сыбысқа қатысты жауап берді. Қауесет бойынша, GGG-ге "Канелоны" нокаутқа түсірмес үшін ақша төленген. "Бұл мүлде мүмкін емес - нокаутқа түсірмесін деп келісу. Мұндай деңгейдегі бокста мұндай болмайды. Неге кей жанкүйерлер "Канелоны" әлсіз деп есептейтінін түсінеймін? Ол - әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі және қазіргі таңда орта салмақта оны сабайтын немесе нокаутқа түсіретін боксшы жоқ. Меніңше, Головкин екі жекпе-жекте де жеңді, бірақ, бұл жеңістер айқын емес еді. Олар рингте өткізген 24 раундтың жартысынан астамында кім жеңгенін анықтау қиын. Бұл бәсекелестіктің өте жоғары болғанын көрсетеді. Геннадий бокстың бизнес екенін жиі айтады. Алайда бұл сөз "Канеломен" жекпе-жек алдында ғана айтылған жоқ", - дейді Стангрит. vesti.kz