«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
Бұл қаржыны клубтың бұрынғы басшысы сыбайластарымен бөлісіп алған
Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген.