Кике Сетьен қызметінен кетті

Жаңа бапкердің кім болатыны белгілі болған секілді

0 42

«Барселона» клубының баспасөз қызметі Энрике Сетьеннің бас бапкер қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұған клубтың қанағаттанарлықсыз нәтижелері себеп болды.

«Барселонаның» жаңа бас бапкерінің есімі жақын күндері белгілі болады. Сетьен жұмыстан босатылған Эрнесто Вальвердені 2020 жылы 13 қаңтарда алмастырған болатын. Сетьеннің басшылығымен Каталондық клуб Испания чемпионатында екінші орынға ие болды, ал Чемпиондар лигасында ширек финалға жолдама алды, сол жерде олар «Баварияға» 2:8 есебімен ұтылды.

Кике Сетьен «Барселонаны» 218 күн жаттықтырған екен. Бұл соңғы 17 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Алдыңғы рекорд Каталондық клубты 148 күн жаттықтырған Радомир Античке тиесілі болған (2003 ж)

Қазір Нидерланды құрамасын баптайтын Рональд Куман «Барселонаның» жаңа бас бапкері болады деп күтілуде. Футбол мансабында Куман 1989 — 1995 жылдар аралығында «Барселонада» ойнады. 1998-2000 жылдары Голландиялық маман осы клубтың жаттықтырушылар құрамында көмекші болып жұмыс істеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.