Спорт

Классикалық шахматтан ҚР балалар кубогының | кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Аталған жарыс Тараз қаласында 23-29 наурыз аралығында өтті

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысып, сайыс жүлдегерлері мен  жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


Республикалық кубоктың бірінші кезеңіне еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 6-8-14 жас аралығындағы 325 бала қатысты. Жүлденің жалпы құны 3 миллион теңгені құрайды. Салтанатты рәсімде озық ойын көрсеткен 24 жас өрен жүлделі болды. Ал, командалық есепте 3 орынды Петропавл қаласы алса, 2 орынды Қызылорда қаласы еншіледі. Ал, Алматы қаласы 1 орынды қанжығалады. Осы орайда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жүлдегерлерді құттықтап, алдағы сайыстарына сәттілік тіледі.


Ал, ҚР шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов ақыл-ойды кемелдендіретін ойынға қызығушылар көбейгенін айтады. Сәйкесінше, жылына шахмат спорты бойынша 60-қа жуық түрлі  дәрежелі жарыстар ұйымдастырылатынын жеткізді.