Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Әлем біріншілігінде ел намысын үш спортшы қорғайды.
5-8 наурыз аралығында Херенвен қаласында (Нидерланд) конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.
Надежда Морозова классикалық көпсайыста сынға түседі. Ал Арина Ильященко мен Артур Галиев спринтерлік көпсайыста бақ сынайды.