Спорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландпен шеберлік байқасады

Екі команда қазірге дейін төрт мәрте кездесті.

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы екінші ойынын Нидерландқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.

Екі команда қазірге дейін төрт мәрте кездесті. Оның 3-уі Нидерландтың басымдығымен аяқталса, 1-де Қазақстан жеңіске жетті.