Спорт

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті

Ол америкалық Оди Осборнға (13-9) қарсы жекпе-жек өткізді.

Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night 267 турнирінде октагонға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол америкалық Оди Осборнға (13-9) қарсы жекпе-жек өткізді.

Ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен айқас үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Әліби жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, ол кәсіби мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, Ultimate Fighting Championship ұйымындағы алғашқы кездесуін сәтті аяқтады.