Спорт

Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненконың жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

The final spritzer

Атақты америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бұл жөнінде Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Penalty.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, желтоқсан айында елімізде тарихи турнир ұйымдастырылып, онда Майк Тайсон мен ММА аңызы Фёдор Емельяненконың кездесуі өтуі ықтимал. Қазір осы бағытта нақты келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Егер жоспар жүзеге асса, бұл оқиға Қазақстанда өтетін ең ірі спорттық шаралардың біріне айналуы мүмкін.