Мейірімнің мерейлі жеңісі

34

Кәсіпқой бокстың орта салмағында өнер көрсететін қазақстандық бокс­шы Мейірім Нұрсұлтанов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Ресейлік боксшы Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) жұдырықтасқан отандасымыз бірінші раундтан бастап рингтің ортасында билік жүргізіп, қарсыласын соққының астына алды. Жерлесіміздің үшінші раундтағы сериялық соққыларынан кейін жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталуы да мүмкін еді. Алайда соққы көтере алатынын байқатқан Баландин Нұрсұлтановтың соққыларынан оңай сытылып шықты. Сөйтіп екі бокс­шы да белгіленген сегіз раундта толық жұды­рықтасып, төрешілердің бірауыз ше­шімімен Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті. Бұл – Мейірімнің кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісі.

Айта кетейік, жерлесіміз ең кейінгі жекпе-жегін 2019 жылдың 2 қарашасында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізіп, мексикалық Кристиан Оливастан басым түскен еді.

egemen.kz