Спорт

Мемлекеттік қызметшілер жарысы

Мемлекеттік қызметшілер жарысы

Бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында эстафеталық жарыс өтті. Қатысқан адам саны: 25. Аталмыш додаға ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлерінен жасақталған 5 құрама команда қатысты. Осы сайыста 3-орынды Сарысу ауданы және Жаңатас қаласы әкімінің аппараты құрамасы иеленді. 2-орынды Саудакент, Игілік, Жаңаталап ауылдық окргтерінен жасақталған "Намыс" командасы иеленді. Сарысу аудандық эстафеталық жарыстың жеңімпаздары "Айбын" командасы, құрамында: қаржы бөлімі, экономика бөлімі және ішкі саясат бөлімі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының тағайындаған арнайы грамота, медаль және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар аталған спорттық іс-шара сақтық талаптарына сай өткізілді.