Мойынқұм ауылында кіші футбол алаңшасы ашылды
Мойынқұм ауылында кіші футбол алаңшасы ашылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында кіші футбол алаңшасы ашылды. Ашылу салтанатына Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып, тұрғындарды ҚР Конституция күнімен және жаңа футбол алаңшасының ашылуымен құттықтап, індетке байланысты сақтық шараларын орындауға шақырды.Сонымен қатар аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев жиналған қауымды, шағын футбол алаңшасымен құттықтап, ұқыпты пайдалануға шақырды. Аталмыш футбол алаңшасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған болатын. Сметалық құны 11 млн 340 мың теңгеге қаралған футбол алаңшасын мердігер ИП «Кәусар» ұтып алып, құрлысты сапалы орындаған. Сонымен қатар жобаға тенис үстелі мен стрит воркут алаңшасы орнатылған. Жалпы аудан бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 шағын футбол алаңшасы соғылуы керек болса, аталмыш алаңша соның тоғызыншысы.