Спорт

Мырзабосынов пен Головкин қытайлық әріптестерімен кездесті

The final spritzer

Кездесу Харбинде өтті

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Қытай Халық Республикасы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қытай Олимпиада комитетінің президенті және Халықаралық ушу федерациясының басшысы Гао Чжиданмен кездесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ресми қабылдау рәсімі аясында өткен кездесуде Ербол Мырзабосынов Гао Чжиданға екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Қазақстан ҰОК басшысы ауқымды жарыстарды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындары 14 ақпанда мәресіне жетеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қорында 9 медаль бар.