Спорт

«Неке қиылды»: Ризабек Айтмұқан жақында шаңырақ көтереді

20 жастағы спортшы жанкүйерлеріне болашақ жарын көрсетті

Күні кеше Албания астанасы Тиранада өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған қазақ балуаны елге оралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Спортшыны әуежайдан сүйіктісі күтіп алған. 

Осы сәттегі суретті чемпион әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. 

Айта кетейік, еркін күрестен үш жас бойынша яғни 20.23 жас және ересектер арасында әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жақында шаңырақ көтермек. 

Өткен айда спортшы  сүйікітісіне ұсыныс жасап, мешітте некесін қиған. 

Бұл сәттің фото мен видеосы әлеуметтік желіде тараған.

Демек, бұл жақында чемпионның үйлену тойы болатын күн алыс емес деген сөз.