Спорт

Олимпиадаға қатыспаған Рыбакина қазақстандықтардан кешірім сұрады

Өйткені, соңғы уақытта оны сынаушылар көбейген

 Париж Олимпиадасына денсаулығының жарамауына байланысты қатыса алмаған Елена Рыбакина қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Елена Рыбакина Олимпиада ойындарында жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек болған. Алайда денсаулығының сыр беруі жарыс жолын шектеген.  Қазақстаның бірінші ракеткасы төртжылдықтың басты бәсекесіне  қатыспағанына өкініш білдіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады.