Спорт

«Екі бірдей баспана»: Алматы қаласының әкімі Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтер сыйлады

Мұндай сый-құрметке Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев та ие болды

Алматы әкімдігі Олимпиада жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz 

Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті берілді. Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға тартылды.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.