Спорт

Париж-2024: Тағы бір жамбылдық спортшы паралимпиада ойындарына лицензия алды

Желаяқтың төртжылдықтың басты додасына қатысатыны бүгін белгілі болды

Жамбылдық спортшы Салтанат Әбілхасымқызы пара жеңіл атлетикадан Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанат Әбілхасымқызы 35 классында 100 м жүгіру дисциплинасында өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 22 лицензия бар.