Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны қысқарады
Париж Олимпиадасында ауыр атлетикадан медаль саны қысқарады
Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ауыр атлетика бағдарламасын қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ХОК-тің спорттық директоры Кит Макконнелл мәлімдеді, деп жазды olympic.kz.
ХОК 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан ауыр атлетиканы алып тастайтынын айтқан болатын. Зілтеміршілердің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетіп, Халықаралық ауыр атлетика федерациясындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өршіген соң ХОК осындай қадамға барған. Осыдан соң IWF-ті 20 жыл басқарған венгриялық Тамаш Аян қызметінен кетуге мәжбүр болды.
baq.kz