Парижде өткен теннис жарысында отандастарымыз топ жарды

31

Теннистен Парижде өтіп жатқан жүлде қоры 38 000 000 еуроны құрайтын Ролан Гаррос турнирінде Юлия Путинцева бастаған жеңісті жолды Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жалғастырды.

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түнде барша жанкүйер жерлестеріміздің асқан шеберлігіне тәнті болды. Екеуі де АТР рейтингінде өздерінен әлдеқайда жоғары тұрған ойыншылармен еш қаймықпай айқасып, нәтижесінде жеңіс тойын тойлады. Атап айтсақ, Михаил Кукушкин (87 орын) италиялық Фабио Фоньиниді (15 орын) 7:5, 3:6, 7:6, 6:0 есебімен ұтты. Екінші кезеңде ол испаниялық Педро Мартинеспен күш сынасады. Ал Александр Бублик (56 орын) франциялық Гаэль Монфисті (9 орын) жеңді. Есеп – 6:4, 7:5, 3:6, 6:3. Енді отандасымыз италиялық Лоренцо Сонегомен сайысқа түседі.

 

Сондай-ақ бүгін Зарина Диас (77 орын) пен Елена Рыбакина (18 орын) кортқа шығады. Зарина тунистік Онс Жабермен (35 орын), ал Елена румыниялық Сорана Крыстямен (83 орын) кездеседі.

 

egemen.kz