Спорт

Премьер-министр инклюзивті спорт орталықтарын ашуды тапсырды

Бұл туралы Үкімет мәлімдеді

Олжас Бектенов инклюзивті спорт орталықтарын ашуды және нысандарды бейімдеуді жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

 

Осыған байланысты жауапты ведомстволар мен мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді:

Спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық өңірде  инклюзивті спорт орталықтарын ашуды жеделдетуге тиіс.

Еңбек, Өнеркәсіп министрліктерімен  және әкімдіктермен бірлесіп,  қолданыстағы спорт нысандарын  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімдеу мәселелерін шешуі керек.

 

 

Жұмысты қадағалау Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.