Президент ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен жарыстың еліміз үшін табысты өткенін атап өтті. Жаһандық додада отандасымыз Ербол Хамитов алтын және қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның көк Туын биікте желбіреткен.
Ербол Хамитовтың жетістігі Қазақстанның паралимпиададағы беделін арттырып, еліміздің спорт тарихында жаңа белеске шыққанын көрсетеді.