Пушкаш сыйына үміткер. Англиялық футболшы Еуропа лигасында ғажайып гол салды

33

Шотландиялық «Рейнджерс» командасының жартылай қорғаушысы Кемар Руф Еуропа лигасының бірінші турындағы бельгиялық «Стандардқа» қарсы ойында ғажап гол салды.

Ойын соңына жақын англиялық футболшы допты алаң ортасына дейін апарып, қарсы команданың бірнеше ойыншысын алдап өтті де, допты қақпаға тепті. Қазірден бастап бұл гол Пушкаш марапатына ұсынылатыны айтылып жатыр.

vesti.kz