«Қайрат» араға 16 жыл салып ел чемпионы атанды

7

Қазақстан чемпионатының 16-турында алматылық «Қайрат» шымкенттік Ордабасымен» кездесті. Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

«Қайраттың» толықтай басымдылығымен өткен бірінші таймда екі гол соғылды. Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав алдымен есеп ашып, кейін пенальти алып берді. 11 метрлікті шабуылшылар сәтсіз орындайтындықтан, бұл жолы нүктеге қорғаушы Нұралы Әліп беттеді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ол осы маусымда пенальтиден 3 гол соқты. Осылайша, бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда алматылық командада гол соғатын тағы бірнеше мүмкіндік болды. Тіпті бір сәтте Абат Айымбетов Қақпашымен бірге-бір шығып гол соға алмады. «Ордабасы» тарапынан қауіпті сәттің бәрін шабулышы Жоао Пауло жасады деуге болады. Бразилиялық ойыншы бір соқысы қапа бағанасынан кері қайтса, соққан голы саналмады (офсайд).

Екінші таймды да қос команда да бір голдан салды. Бірінші таймда гол соғуға жақын болған Жоао Пауло екінші 45 минутта мергендік танытты. Сөйтіп ол 11 голмен мергендер көшінде көш бастады. Оның басты бәсекелесі Абат Айымбетол бұл ойында бірнеше тамаша мүмкіндігін пайдалана алмады.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 44 ұпай жинап, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды. Турнирлік кестеде екінші орында тұрған «Астанадан» 17 ұпай ұзап кетті. Елордалықтар соңғы бес ойынды жеңсе де, «Қайратқа» жете алмайтыны сөзсіз.

Осылайша, «Қайрат» араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионатында топ жарды. Әрі «Астананың» 6 жылға жалғасқан жеңісті сериясын бұзды.

ҚПЛ. 16-тур

«Қайрат» – «Ордабасы» – 3:1 (2:0)

Гол соққандар:Вагнер Лав 36, Нуралы Алип 39 (пенальти) – Жоао Пауло 77

«Қайрат»: Покатилов, Миканович, Дугалич, Әліп, Сүйімбаев (к), Гуральский, Косович, Оганесян, Әбікен, Аймбетов, Вагнер Лав.

«Ордабасы»: Шайзада, Клещенко, Фонтанелло (к), Симчевич, Хаджиев, Досмағамбетов, Диакате, Махлангу, Астанов, Бадибанга, Жоао Пауло.

 

prosports.kz