«Қайрат» Хайфаның «Маккабиімен» кездеседі

0 22

Футболдан Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Боснияның «Железничарын» ұтқан Хайфаның «Маккабиі» жарыстың келесі айналымында Алматының «Қайратымен» кездеседі.

«Маккаби» футбол клубы 1913 жылы құрылған. Ұзақ уақыт бойы ала-құла өнер көрсеткен олар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап, Израильдегі азулы командалардың біріне айналды. Сол кезден бері хайфалықтар 12 мәрте ел чемпионы атанып, 6 рет ел кубогын олжалады. Соңғы рет «Макккаби» 2011 жылы өздерінің ішкі біріншілігінде бас жүлдені иеленген еді. 1999 жылы Кубок иегерлері кубогы жолындағы жарыстың ширек финалына дейін жетті. 2003 және 2010 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасының топтық турнирінде бақ сынау құрметіне ие болды. Және де олар осы межеге жеткен Израильдің тұңғыш командасы ретінде тарихта қалды. Қазіргі кезде аталмыш клубты Марко Бальбуль жаттықтыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасында «Қайраттың» жолы израильдіктермен екі мәрте қиысып, алматылықтар екі ретінде де ұтылып қалған еді. 2017 жылы Тель-Авивтің «Маккабиіне» жол берсек, былтырғы маусымда Беэр-Шеваның «Хапоэльіне» есе жібердік. Ал жоғарыда аталған қос клуб арасындағы тартыс 17 қыркүйекте Хайфада өтеді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.