Қанат Исламның келесі кездесуі кейінге шегерілді

86

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерілді.

Қанаттың бастапқыдағы қарсыласы 23 жастағы Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болатын, алайда, онымен өзге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жұдырықтасатын болды.

Одан кейін қазақ боксшы 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу өткізу керек еді, бірақ, боксшының визамен қиындықтары туындаған. Қазақстандық боксшы болса қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.

BoxRec мәліметінше, Ислам 16 қазан Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде жекпе-жекке шығу керек болған.

 Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ. 2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен WBO International титулы үшін кейінгі жекпе-жегінде ол намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

egemen.kz