Қазақстан құрамасының қақпашысы бесінші рет әлемнің үздік голкипері атанды

51

Алматылық «Қайрат» пен футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита Futsalplanet.com нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік голкипер атанды.

Бразилия тумасы бұл жүлдені бесінші рет жеңіп алды. Ол бұған дейін 2015, 2016, 2018 және 2019 жылдары үздік атанған.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы да ең үздік ұлттық құрама атағына үміткер болған. Бірақ бұл номинация бойынша Бразилия бірінші орын алды.

Vesti.kz