Қазақстандық боксшы Англиядағы бокс кешінің хедлайнері болмақ

19

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) Оңтүстік Крикбидегі (Англия) шоудың хедлайнері болады.

MTK Global промоутер компаниясы қазақстандық боксшының Англия спортшысы Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жекпе-жегін кештің басты оқиғасы болатындығын растады. Құлахмет пен Макгоуэн бірінші орта салмақта WBC International чемпионы бос титулы үшін жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Тұрсынбай Құлахмет кәсіби рингтегі дебютін 23 тамызда өткізген болатын. Ол қазақстандық Сағадат Рахманқұловпен (6-2, 4 КО) айқасып, оны төртінші раундта уақытынан бұрын жеңген болатын.

Осылайша 26 жастағы қазақстандық өзінің екінші жекпе-жегінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

inform.kz