Қуат «Найман» Хамитов өзінен 80 келі ауыр атышулы ресейлік спортшымен жұдырықтасады

0 41

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов желтоқсан айында ресейлік атышулы спортшы Вячеслав Дацикпен жекпе-жекке шығады.

«Желтоқсан айының аяғына таман супер жекпе-жек өтеді. Дацик маған қарсы, суперауыр салмақта, Алматыдағы шоудың басты жекпе-жегінде. Қазақстанда жаңа промоушен ашылады Ataman Fighting Championship. Оларға жарнама керек. Мен оларға ұсыныс жасадым, Камил Гаджиевпен сөйлестім, FIGHT NIGHTS-пен бірге турнир өткізейік деп. Бәрі келісіп отырған сияқты.

Естуімше Дацик дайын, мен де дайынмын. Салмақ айырмашылығы 80 келі. Ол қашпайтын шығар деп ойлаймын. Қазір 21 ғасыр, ал 21 ғасырда бәрі шоу тамашалығыс келеді. Ендеше шоу жасайық», — дейді Хамитов «Ушатайка» Youtube арнасына берген сұхбатында.

Дацик 2019 жылы эстониямен шекараны заңсыз кесіп өтпек болғаны үшін сотталған еді. Спортшы жыл соңында бостандыққа шығуы тиіс.

vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.